Өскемендегі қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілуі мүмкін. Бұл туралы қалалық жолаушылар тасымалдауды басқару орталығының директоры Арман Ысқақов БАҚ өкілдерімен өткен кездесу барысында айтып өтті.

2019 жылдың 1 қазанында «Қалалық жолаушылар көлігін диспетчерлеудің ақпараттық жүйесін құрумен Өскемен қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысын төлеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілген болатын. Жоба «IBA Kazakhstan» ЖШС бірге жүзеге асырылды. Енгізілген автоматтандырылған жүйе Oskemenbus мобильді қосымшасы арқылы нақты уақыт режимінде тұрғындарға автобустың маршрутын, бағытын көруге мүмкіндігін берген.

Қолданыстағы жүйенің кемшілік тұстары да бар. Мәселен, көлік картасын онлайн толтыру, ұялы телефонмен, NFC жүйесімен, SMS төлем жасау қарастырылмаған дейді, сала мамандары.

Аталған компаниялардың бірінің қызметіне ауысқан кезде жолақысының құны сақталады. Жолаушылар төлемді әдеттегідей QR-код немесе көлік нөмері арқылы төлей алады және төлем картасын онлайн толтыруға мүмкіндік алады. Жолақысы мемлекет тарапынан субсидияланатын болғандықтан, мектеп оқушылары мен жеңілдікті санаттағы тұрғындар ғана көлік картасын алатын болады.