Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шекаралық аудандардың мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Қатонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған еді. Президент пәрменімен қайта құрылған Марқакөл өңірінің қазіргі жағдайы қалай? Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Бейсенов айтып берді.
Марқакөл ауданының туристік әлеуеті айтарлықтай артты. Аудан экологиялық, ауылдық, сауықтыру және мәдени-танымдық бағытта қарқынды дамуда. Биыл туристік инфрақұрылымды дамыту үшін жаңа туристік маршруттар жасалды, бұл келушілер ағынының артуына ықпал етті.
Аудан тұрғындарын жыл сайын мазалайтын мәселе маса-шіркей. Шешімін таппай келе жатқан сұраққа Марқакөл ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Бейсенов былай деп жауап берді.
Бүгінде үкімет пен облыс әкімдеріне тұрмысы тұралаған шалғайдағы ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын оңалту жөнінде нақты тапсырмалар берілген. Бұл жұмыстар Марқакөл ауданында қарқынды іске асырылып, өз нәтижесін беруде.