Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және аудандық мәслихат келісімімен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Мейіржан Әлбековті Күршім ауданының әкімі етіп тағайындады. Мейіржан Қанатбекұлы 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық университетін, 2015 жылы Т. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын, 2021 жылы Алматы экономика және статистика академиясын аяқтаған. Еңбек жолын 2010 жылы бастады. Бұған дейін қосымша білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларында басшы, аудан әкімінің орынбасары, Таврия ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған. Өткен жылдың желтоқсанынан бастап Күршім ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды. Ермек Көшербаев жаңа әкімнің алдында Күршім ауданының инфрақұрылымын, әлеуметтік-экономикалық және туристік әлеуетін дамыту бойынша міндеттер тұрғанын атап өтті.