2023 жылғы 28 желтоқсандағы ел Президентінің Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасқан Үлкен Нарын ауданы құрылды. Бөркін аспанға атқан ағайын сол күннен бері бірқатар игі істі қолға алған. Енді ғана қадам басқан аудан бір жылда әлеуметтік, экономикалық салада жақсы жетістікке жетті. Біржылдыққа орай Майемер ауылында ауылдық фельдшерлік амбулаториялық пункт ашылды.
Ауыл медицинасы алға басу керек. Жергілікті атқарушы органның қойған мақсаттарының бірі осы. Елді мекендегі жұрт жайлы, ыңғайлы ортада ем алуы тиіс. Аудан үшін айтулы межеде жаңа ғимараттың лентасы қиылды.
Медициналық орталық іші жаңа құралдармен, жиһазбен жабдықталған. Қажеттінің бәрі бар. Бастысы тұрғындар риза.