Биыл Қазақстан Республикасы мәслихатының құрылғанына 30 жыл. Бұл айтулы күн еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Жергілікті өкілетті органдардың жетістіктеріне арналған салтанатты шара Зайсан ауданында да ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға әр шақырылымның депутаттары, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен жергілікті әкімдіктің өкілдері қатысты. Атаулы күнмен халық қалаулыларын Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы құттықтап, ел игілігі үшін бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Еркебұлан Зағыпаров тарихқаа шолу жасады. Депутаттар мен жұртшылықтың бірлескен жұмысының арқасында жеткен табыстарды тілге тиек етті.

Жиында аудандық мәслихат депутаттарының сіңірген еңбегі ескеріліп, түрлі шақырылымдағы халық қалаулылары мерейтойлық медальмен марапатталды. Бұдан бөлек, «Алғыс хат», «Құрмет» грамоталары табысталды.

Марапаттау рәсімінен соң жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.