Биыл Қазақстанның 56 ауыл мектебі тірек мектептер желісіне қосылды. «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы 2022 жылы басталған. Жоба аясында биыл Бозанбай ауылындағы орта мектеп заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, күрделі жөндеуден соң салтанатты түрде ашылды. Шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов, «Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының» өкілі Сырым Қайсарбеков қатысып, мектеп ұжымын білім ордасының ашылуымен құттықтады.
Жөндеуден өткен мек¬тептің іші жылы, жарық. Білім ордасында жасалған жұмыс¬тар заман талаптарына сай, сапалы орындалған.Бұл тірек мектеп – «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында жаңғыртылған.
Мектепте бастауыш, орта және жоғары сыныптар үшін арнайы жабдықталған физика, химия, биология, информатика кабинеттері, қыздар мен ұлдарға арналған технология кабинеттері, сонымен қатар робототехника, ART-студия, STEM-зертхана және телестудия кабинеттері ашылды. Оқушылар жасалынған мүмкіндіктер үшін қуанышты.
Алпыс жылдық тарихы бар білім ордасында қазір 281 оқушы білім алып, 45 мұғалім қызмет атқарады. Жиырма жеті жыл үздіксіз қызмет атқарып келе жатқан Лейла Саденова мектептің танымастай кейіпке енгенін айтады. Оның айтуынша, жайлы орта мен жаңа құралдар оқушы мен ұстаз үшін ең керегі.
Күрделі жөндеуден өткен бұл мектеп болашақта оқушылардың сапалы білім алуына жол ашады.