Аймақтағы колледж студенттері «Қазцинк» компаниясының өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялаған бастамасы аясында кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты екі қолға бір күрек таппай жүргендердің қатарын азайту.

Жиынға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, ұстаздар, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері, колледж түлектері мен студенттер қатысты.

Қатысушылар жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін, жастар арасында кәсіптік білім беруді кеңінен насихаттау қадамдарын талқылады.

Жиында «Қазцинк» ЖШС өкілдері тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға арналған мүмкіндіктер жайлы айтты. Өндіріс орны жиында колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына қолдау көрсету, тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру жайында талқылады.

Жиында колледждегі оқуын тәмамдап, өндіріс орнына жұмысқа орналасқан азаматтар өз тәжірибелерімен бөлісті.