Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріде қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшті. Өңірдің жүзден астам құтқарушысы кез –келген уақытта көмекке келуге дайын.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің барлық гарнизоны күшейтілген режимде. Жедел әрекет ету үшін 300-ден астам адам кезекшілікте тұр.

Жыл сайын жаңа жылдық мереке күндері облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел басқару орталығына 200-ден астам қоңырау келіп түсетін көрінеді.

Жаңа жылда орын алатын оқыс оқиғалардың бір себебі- отшашу. Қала тұрғындары қарапайым қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарағандықтан, соның салдарынан өрт шығып жатады, дейді сала мамандары.

Биыл облыстық ТЖД қызметкерлері әртүрлі төтенше жағдайларға тап болған 300-ден астам адамды құтқарып, 500 азаматты эвакуациялаған.