25 қазан- Республика күніне орай, облыс орталығында 4 мемлекеттік қызметші салтанатты түрде ант қабылдады. Ант қабылдау жас мамандарға қызметтің мол жауапкершілігін түсіндіруге бағытталған. Бұл күні мемлекеттік қызмет табылдырығын алғаш рет аттағандар жұмысқа адал болып, кәсіби қызмет көрсетуге серт берді. Маңызды шараға сала ардагерлері де қатысып, жас мамандардың еңбек жолдарына сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен жас мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде ант беруі өтті. Сондай-ақ, ҚР мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына түсініктеме берді.
Мемлекеттік қызмет табалдырығын алғаш рет аттағандардың бірі – Наргиз Тоқпатолдаева.
Салтанатты шара соңында мемлекеттік қызмет ардагерлеріне алғыс хаттары табысталды. Ал ант қабылдаған 4 қызметші өздеріне артылған үмітті ақтауға, берген сертке берік болатындарын жеткізді.