Облыс орталығында «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, заңгерлер, ғалымдар, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Жиында Ата Заңның қоғамдағы орны, конституциялық реформалардың маңызы және оларды іс жүзінде жүзеге асыру тетіктері кеңінен сөз болды.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, соңғы жылдары жүргізілген конституциялық реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, құқықтық жүйені жетілдіруге, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталғанын жеткізді.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Ата заң бұл мемлекетіміздің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп, азаматтардың құқықтары мен бостандығына басты кепілді к беретін басты құқықтық құжат. Конститутция еліміздегі басты құжаттық келісімнің, саяси тұрақтылықтың, заң үстемділігі мен әділеттіліктің берік негізі. 

Бұдан бөлек, дөңгелек үстелде сарапшылар Жаңа Конституцияның ұлттық құқықтық жүйені дамытудағы рөліне, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетіктеріне тоқталды.

Аяужан Әшімова, ШҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Тарих көрсеткендей, ұлы мемлекеттерді эканомика емес, сенім сақтайды. Ал сенімнің маңызы әділетті заң. Конституция қоғамның мемлекетке біз саған билік береміз бірақ сен халыққа қызмет етуге міндеттісің деген қоғамдық келісімі. Жаңа заңымыз бірнеше маңызды тарихи міндетті орындап отыр. 

Жиын соңында қатысушылар Жаңа Конституцияның қағидаттарын қоғам өмірінде тиімді іске асыру – Әділетті Қазақстанды құрудың басты алғышарттарының бірі екенін айтты. Сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысуын арттыру бағытындағы жұмысты бірлесіп жалғастыру қажеттігі атап өтілді.