Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Шемонаиха ауданына жұмыс сапары барысында күрделі жаңғыртудан өткен теміржол вокзалында болды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі теміржол вокзалдарының инфрақұрылымын кешенді жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

1938 жылы бой көтерген тарихи ғимарат өзінің сәулеттік келбетін сақтай отырып, толықтай жаңартылды. Қайта жаңғырту барысында ішкі бөлмелер жөнделіп, инженерлік жүйелер толық ауыстырылды. Сонымен қатар жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып, заманауи талаптарға сай инфрақұрылым қалыптастырылды.

Дархан Шотабаев, мердігер:

Ғимарат полнустью реконструкциядан өтілді ішкі бөлмедеріне дейін және жиһаздары бәрі айырбасталды. Алғашқы күйі сыртқы келбеті бәрі айырбасталды, дцп материалымен сырты қапталды оның. Утеплениеі болды, бүкіл терезелері айырбасталды, шатыры айырбасталды, ішікі жәңа өзіңіщ көргендей әр кабинеттер өзгерді. 

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, вокзалдарды жаңғырту – көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Игі шара көлік инфрақұрылымының сапасын арттырып қана қоймай, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Мынау Теміржол саласы өздеріңіз білесіздер, кез келген елдің әлеуметтік эканомикалық мүмкіндігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көлік логистика инфроқұрылымының дамукына әрдайым ерекше мән беріп келеді. Бұл жұмыстар халықтың жүріп тұруына жағдай жасап, жүк тасымалының тиімділігін арттыруға көлік әлеуетін нығайтуға бағытталған. 

Бұл жаңарған станция Шемонаиха тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп, ауданның заманауи келбетін айқындайтын маңызды нысандардың біріне айналатын болады дейді аталалған нысан директоры.

Жанат Бектұрсынов, Шемонаиха вокзалының басшысы:

Шемонаиха станциясы екінші санатқа жатады. Бұл станция негізінен жүк тасымалына маманданған. Орта есеппен тәулігіне 70–80 жүк платформасы жөнелтіледі. Мұнда өсімдік майы, құрама жем, шрот және басқа да өнімдер тиеледі. Сонымен қатар станция аумағында бірқатар ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Атап айтқанда, ВЦМ, май өңдеу зауыты, элеватор және ШМТК өз өнімдерін Қазақстанның әр өңіріне және шетелге теміржол арқылы жөнелтеді.  

Тарихи ғимараттың жаңа келбетке енуі аудан тұрғындары үшін тың серпін берері анық. Енді бұл нысан Шемонаиха тұрғындары мен аудан қонақтарына заманауи әрі қол жетімді деңгейде қызмет ететініне сенім мол. Еске салсақ, дәл осындай теміржол вокзалы кеншілер қаласы аталатын Риддерде де жаңартудан өткен.