Риддердегі тарихи нысандардың бірі саналатын теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өтті. Теміржол аялдамасының жаңа келбетке енуі– өңірдегі көлік қолжетімділігін арттырып қана қоймай, тұрғындар мен қала қонақтарына жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі.
Сексен жылдан астам тарихы бар ғимарат толықтай жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай жаңа келбетке ие болды. Күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілген кеншілер қаласының теміржол вокзалына облыс басшысы да арнайы қатысып, келушілер мен барша теміржол қызметкерлерін керемет күнмен құттықтады. Ол өз сөзінде мұндай тарихи маңызы жоғары орындардың қайта түрленуі қала келбетіне ерекше сән беретінін айтты.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Бүгінде өздеріңіз көріп, біліп отрысыздар еліміз бойынша қаншама теміржол желілері салынып жатыр. Вагондар мен локомотивтер кезең-кезеңімен жаңартылып инфроқұрылым заманауи талаптарға сай жаңғыртылуда. Осының бәрі біздің халықтың жолаушылардың соларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыуға, жү тасымалының тиімділігін көтеруге, еліміздің көлік логистика саласын бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Қайта жаңғырту барысында ғимараттың ішкі бөлмелері мен инженерлік жүйелері толық жаңартылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қозғалуына қажетті инфрақұрылым қарастырылған.
Ерасыл Бақытбеков, Риддер станциясының басшысы:
Станцияда 40 шақты жұмысшы жұмыс істейді бізде поезд қозғалысын реттеп. Жолаушылар поезды екі бағытта жүреді Риддер Өскемен бағытында. Реконострукциядан кейін көп өзгерістер енгізілді вокзалға, өрттік сигнализация, күзеттік сигнализация жаңадан қойылды. Есіктердің барлығы автоматтандырылды қазіргі таңда.
Ашылу салтанатына тек сала қызметкерлері ғана емес, осы бағытта жарты ғұмырын арнаған ардагер теміржолшыларда келіп қатысты. Оларда бұрынғы жұмыс орындарының қайта түрленгеніне шын ризашылықтарын білдіріп, өз жерлестерін қуанышты күнмен құттықтады. Сондай теміржолшылрдың бірі Құсайын ақсақалда бұл салада 30 жылдан астам еңбек еткенін айтып, өз естеліктерімен бөлісті.
Құсайын Қожахметов, Ардагер теміржолшы:
Теміржолда 35 жыл еңбек еттім, былайша айтқанда барлық должностьттан өттім төменнен бастап жоғарыға дейін. Енді мына жаңадан салынып жатқан вокзалды ашуға келдік. Теміржолда қазір көптеген вокзалдар салынып жатыр. Оның барлығы халық үшін теміржолшылар үшін жақсылық деп ойлаймын.
Бүгінде Риддер теміржол вокзалы арқылы күн сайын ондаған жолаушы қатынайды. Мұнда тұрғындар аптасына төрт рет Өскемен қаласына, сондай-ақ аптасына бір рет Ресейдің Новосібір және Томск қалаларына жол тартады. Ал қала қонақтары көрікті Риддермен танысуды дәл осы вокзалдан бастайды.