Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күніне орай облыс орталығында ақпараттық-танымдық акция ұйымдастырылды. Шара барысында «Әділет» партиясының жастары қаладағы ірі сауда орталықтарында тұрғындармен кездесіп, жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары мен артықшылықтарын түсіндірді.

Акцияның мақсаты - қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыру, әсіресе жастар арасында Конституцияның маңызын кеңінен насихаттау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа заң елдің құқықтық жүйесінің негізі ғана емес, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі. Сондықтан оның мазмұны мен қоғамдағы рөлін кеңінен түсіндіру бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

Қорлан Туғамбаева, «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының төрағасы:

Бүгін біз "Әдлет" партиясының жастары, Өскемен қаласындағы ірі сауда орталықтарында осы жаңа конституциямызды жастар арасында, қоғамдық арасында кеңінен насихаттап, дәріптеп, түсіндіру мақсатында мерекелік шара ұйымдастырып жатырмыз. Жалпы бұл құжаттың мәнімен бағыттарын кеңінен түсіндіру, бұл ең бірінші жастарымыздың саяси сауаттылығын арттыруға, және де біздің жаңа конституцияның қоғамдағы рөлін дәріптеу үшін, ол біз үшін өте маңызды. 

Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, елдегі демократиялық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамның мемлекеттік реформаларға деген түсінігін арттыруға ықпал етеді. Осылайша аталған жиынға қала қонақтары мен мәслихат депутаттары да қатысып, өз ризашылықтарын білдірді.

Надежда Шушаникова, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты:

Бүгін бірінші шілде күні ҚР конституциясы өзінің заңды күшіне енді. Сауда орталығына келіп, осындай мерекелік шараға қатысып жатырмыз. Көңіл күйіміз әрине тамаша. Міне балалармен де бірге келіп жатырмыз. Меркелік концертті тамашалауға келдік. 

Бұдан бөлек, тағылымды шара концереттік бағдарламаға ұласып, рухты әндер шырқалды. Ойын сауық орталығының келушілеріне арнайы ұлттық құндылық пен патриоттық сезімді дәріптейтін сыйлықтар табысталып, барша қатысушыға мерекелік көңіл күй сыйлады.