Ұлттық мереке – Республика күніне орай облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қазақ тілі кабинеті ашылды. Мақсат – сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілде іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін арттыру. Шараға мұрындық болған ШҚО Лингвистикалық орталығы.
Қазақ тілі кабинетінің іші жарық, заман талабына сай жөндеуден өткен. Мұнда арнайы жиһаздар мен түрлі оқу-әдістемелік құралдар қойылған. Сот маманы Наталия Алехина қазақ тілін үйреніп жүргендердің бірі. Ол тек жұмыста ғана емес, әлеуметтік орындарда да қазақша сөйлеуге тырысады.
Мемлекеттік тілді меңгертуде қазақ тілі кабинетінің тиімділігі зор. Бұл қазақ тілінде іс жүргізуде мамандардың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерінен бөлек, кабинетке екі компьютер қойылған. Сот қызметкерлері бұл жерде жұмысқа қажетті құжаттарын қарап, өздеріне қажетті ақпаратты ала алады.
Мамандардың айтуларынша, мұндай шара мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайтып, маңызын арттыра түседі.