Республика күніне орай облыс орталығында «Oskemen RUN» жаппай жүгіру спорттық шарасы өтті. 100-ден астам белсенді «Қазақстан» тауына шықты. Олардың қатарында кәсіби спортшылар мен әуесқойларда бар.
«Oskemen RUN» жаппай жүгіру шарасының мақсаты – бұқаралаық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау. Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты дарыту. "Қазақстан" тауының биіктігі - 163 метр, ал жүгіру жолының ұзындығы - 1 шақырым. Жарыс басталмас бұрын қатысушылар түрлі жаттығу жасап, денелерін қыздырып алды.
Шараға қатысшулар қатарында 78 жастағы Әбілқайыр Иманбековте бар. Ол он жыл көлемінде Орта Азия мен Еуропадағы бірнеше шыңды бағындырған.
Шараға қатысқан Руслан Еркінбеков 18 бен 39 жас аралығындағы ерлер арасында екінші орынды иеленді.
Ауа райының қолайсыздығы спорттық шараның жоғарғы деңгейде өтуіне кедергі келтірмеді.