Шығыс Қазақстан облысы әкімінің отбасы және гендерлік саясат мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Зарина Камасова өңір жастарымен кездесу өткізді. Жиында елде гендерлік саясатты дамыту мәселесі талқыға түсті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы және гендерлік саясат мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. ҚР аталған мәселеге қатысты барлық халықаралық шараларға қатысып әрі әйелдердің теңдігін қолдайды.

Кездесу барысында спикерлер жастар денсаулығы және отбасын қолдау орталықтарының жұмысы, адам құқықтарын қорғау институтының қызметі туралы айтты.

Шараға қатысқан студенттер осындай шараларды өткізу маңызды екенін айтады.

Бұдан бөлек, кездесуде жастар арасында қаржылық сауаттылық мәдениетін енгізу қажеттілігі айтылды. Суденттерге микроқаржы ұйымдарының қызметі мен заңнамаға енгізілген өзгерістер төңірегінде ақпарат берілді.