Облыс әкімі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының Свердловск облысының заң шығарушы органы төрағасының орынбасары Армен Карапетянмен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл шаруашылық, тау-кен металлургиясы, геологиялық бақылау және басқа да салалар бойынша ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ресейден келген меймандарға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты. Шығыс Қазақстан Ресей Федерациясының жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің үштігіне кіреді. Мұнда мыңнан астам орта және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар шоғырланған. Өңір басшысы атап өткендей, аймақта республиканың өнеркәсіптік орманының 58 пайызы және гидроэнергетикалық ресурстардың үлкен қоры бар. Екі тарап көліктік-логистика саласын дамытуға ден қойып отыр. Ресейліктер әсіресе, Свердлов облысынан Қытай халық Республикасына шығатын ең қысқа транзиттік автомобиль жолын экономикалық бағытта пайдалануға ниетті. Армен Карапетянның айтуынша, Қазақстан Ресей үшін стратегиялық маңызды серіктес. Сондықтан арадағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру басты мақсат.