23-25 қараша күндері аймақта бүркітшілердің «Шығыс салбұрыны-2023» халықаралық фестивалі өтеді. Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылындағы айтулы додаға Моңғолия, Қытай, Түркия, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясының құсбегілері қатысады. Шараны ұйымдастырушылар бүркітшілер тойына 600-ден астам турист келеді деп отыр. Бозанбай ауылындағы Бәйгетөбеде өтетін айтулы шарада 15 киіз үй тігіледі. Олардың барлығы қазақи нақышта безендіріледі. Ел азаматтары мен шет елден келетін туристерді қосқанда жалпы саны 600-ден астам көрермен жианлуы тиіс, дейді шараны ұйымдастырушылар. Биылғы фестивалға 50 бүркіт, 10 сұңқар және 30 тазы қатысады. Қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, спорттық ойындары ұйымдастырылады. Халықаралық фестивалдің ақтық сыны 25 қарашада өтеді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастыру алқасының дипломы, кубок, медаль мен қаржылай сыйлықтар табыс етіледі.