Өскеменде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Сергей Шупляктың мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Шараға келушілер шебердің жылдар бойы жасаған туындыларымен танысты. Сергей Шупляк батик кескіндеме сияқты сурет салудың сирек кездесетін бағытымен айналысады. Батик – матаға әртүрлі бейнелерді қолдану техникасы. Бұдан бөлек,суретші гобелен жасайды. Сергей Шупляктың туындылары өнер мұражайының қорында бар. Шығармашылық кеште суретші туындыларын таныстырып қана қоймай, жұмыс барысында басынан өткерген қиындықтарымен де бөлісті. Шараға жиналғандар суретшінің шығармашылық жолымен, оның қолынан шыққан туындылармен етене танысып қайтты.