Өскеменде ТЖД мамандары өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Жиында көпқабатты тұрғын үйлердегі өрт жағдайында әрекет ету тәртібі пысықталды. Басты мақсат – жеке құрамның өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау және тілсіз жаудың алдын алу. Оқу-жаттығу жиыны "Жатақхана" жедел профилактикалық шарасы аясында өтті. Бекітліген сценарийге сәйкес өрт сөндірушілер автокөлік сатысы арқылы ғимарат ішінде қалып қойғандарды 8 қабаттан эвакуациялады. Мамандар бірден өрт ошағын жойды. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жапа шеккендерге көмек көрсетті. Облыстық ТЖД инспекторлары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері 400-ге жуық адам тұратын жатақхананы аралап, тұрғындарға түрлі нұсқамалар таратты. Аймақта барлығы 20 жатақхана бар. Соңғы үш жылда бұл нысандарда үш өрт оқиғасы тіркелген. Сондықтан қызыл жалын шарпыған кезде азаматтар мынаны ескеруі қажет... Өрт болған жағдайда ТЖД мамандары "101" немесе "112" нөміріне хабарласуды сұрайды.