Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында бос орындар жәрмеңкесі өтті.Өңірдегі қолбасшылыққа қарасты 5518 әскери бөлімінде ұйымдастырылған шараға елуден астам азамат қатысты. Оларға өңірлік қолбасшылықтың мамандары әскери қызметке тұру барысынан бастап, мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер туралы ақпарат берді. Шара мақсаты әскери қызметке лайықты тұлғаларды тарту. Жауынгерлік тәртіпке ниеттілермен кеңірек диалог құрып, жұмысқа қабылданушыға қойылатын талаптарға қаншалықты сай екендіктерін анықтау. Алексей Дегтяров Абай облысы Үржар ауданының тумасы. Болашағын Өскемен қаласымен байланыстырғысы келген азамат алғашында жиһаз цехында жұмыс істепті. Алайда, жалақысы көңілінен шықпай, оның үстіне тұрақсыз болғандықтан шығып кеткен. Алдағы уақытта өзін Ұлттық ұлан қатарынан көргісі келеді. Алексей алдағы уақытта 3477 әскери бөлімінде қызмет атқарамын деп жоспарлап отыр.Ол өзіне қажетті әскери бөлімді жекелей пікір алмасу барысында айқындады. Жиында әскери қызметке қызығушылық танытқандар үшін арнайы сауаланамалар жүргізілді.Әскери қызметтің қыр-сырына қанық болғандар жұмысқа орналасу үшін қандай құжаттың қажеттігін біліп тарқасты. Еске салайық, бос орындар жәрмеңкесі желтоқсан айында да өткізілмек.