Өскеменде «Туған жер-алтын бесігім» жобасы аясында Алтай ауданы шайбалы хоккейден турнир өткізді. Мұз айдынындағы додаға жасөспірімдер мен ардагерлердің құрамалары қатысты. Турнирдің мақсаты – жастарды дене шынықтыру және спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау. Хоккей спорты өңірде қарқынды дамып келеді. Аймақта түрлі деңгейдегі жарыстар да ұйымдастырылып тұрады. Мәселен, таяуда Алтай ауданының жасөспірімдер мен ардагерлер құрамасы мұз айдынында кезекті қарсыластарымен кездесті. Жасөспірімдер арасында өткен турнирде аймақтың үш кұрамасы өзара кім мықтыны анықтады. Ардагерлер құрамасы да бұл сайысқа тыңғылықты дайындықпен келген. Мұз айдынындағы қарсыластарына «оңай шағылатын жаңғақ» еместіктерін көрсетпек. Артем Сухоярский болашағын хоккей спортымен байланыстырғысы келеді. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.