Қазақстанда инфосығандарға қарсы онлайн петиция жарияланды. Петиция авторлары желіде отырып, ақыл айтатындарға қарсы шығып, қол жинап жатыр. Әлеуметтік желілердің дамуымен блогерлер мен инфлюенсерлердің ықпалы күшейе түскен. Олар көбінесе практикалық құндылығы жоқ онлайн-сайттарда ақпараттық өнімдерді ұсынады. Бұл туралы тілші жалғастырсын. Олар өздерін инфобизнесмендер, бизнес-жаттықтырушылар, жаттықтырушылар және мотиваторлар ретінде көрсетеді. Аудиторияға қаржылық сауатын арттыруға, рухани кемелденуге және керемет табыс табуға уәде береді. Аталған адамдар пайдасыз ғана емес, сонымен бірге шындыққа сай келмейтін, тіпті зиянды ақпаратты да насихаттайды. Бұл мәселеге қоғам белсенділері назар аударды. Өскемен тұрғындары түрлі курстарға жұмсалған қаражат үмітті ақтамайды,- дейді. Қоғам белсенділері шын ақпарат ұсынатын нағыз сарапшылардың беделіне инфосығандар нұқсан келтіреді,-дейді. Инфосығандардың көбеюуі қоғамдағы өзекті мәселеге айналды. Көбінесе мұндай адамдарды жауапкершілікке тарту мүмкін емес. Осыған байланысты петиция авторлары пайдасыз ақпараттық өнімдерді жасау және сатумен айналысатындардың жолын кесу үшін заңға сай шараларды қабылдауды талап етті. Қоғам белсенділері азаматтарға курстарды тек сенімді сарапшылардан сатып алуға кеңес береді. Егер біліміңізді жетілдіру жөнінде шешім қабылдасаңыз, автор туралы барлық ақпаратты зерттеп алған жөн.