Аймақта «Саналы ұрпақ» жобасы аясында жыл сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар легі ұйымдастырылады. Бұл жоба өз нәтижесін көрсетіп те үлгерді. Әсіресе студенттер жағы белсенді. Айта кетейік, аталмыш жоба биыл бесінші жыл өтіп жатыр. Жылдан жылға жоба қатысушыларының саны артып келеді, дейді ұйымдастырушылар. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуды көздейтін жастардың да мақсаты бір. Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге бағытталған бастамаларды жастар жағы өз ойларын сурет арқылы жеткізген. Биылғы байқау 3 кезеңнен тұрды. Ол сурет салу, бейнеролик әзірлеу және эссе жазу. Студенттер әр кезеңнен сүрінбей өтуге барын салды. Өскеменде өткізілген шара әділетті қоғам қалыптастыруда студент жастардың рөлін айқындауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді қалыптастыруды көздейді.