Білімді ұрпақ- ел ертеңі. Алайда, қазіргі қоғамда кітап оқитын жастар саны азайған. Бұл жайтты оңды шешу жолдарын қарастыру керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен «Ұлттық құрылтайда» кітап өндірісіне, кітап насихатына назар аударуды және 24 сағат ашық тұратын кітапхана болуы керектігін атап өткен болатын. Президент пәрменін іске асыру елдің барлық аймағында қолға алынды. Шығыс жұрты да бұл шарадан шетте қалмады. Облыс орталығында «Кітап-аманаты» жобасы аясында орталық ашылды. Бұл орталық қала тұрғындарына қазақ тіліндегі әдеби, мәдени бағыттағы контентті арзан бағада алуға және осы жерде оқуға мүмкіндік жасайды. Бұдан бөлек, мұнда жазушылар, баспагерлердің қатысуымен түрлі шаралар, жаңа басылымдардың тұсаукесерлері мен талқылаулар ұйымдастырылмақ.