Он төрт жастағы өскемендік-Асыл Сұңғатқызы Қазақстан тарихын комикс жанры арқылы танытып жүр. Тоғызыншы сынып оқушысы бастапқыда ертегі кейіпкерлерін салса, енді Мағжан Жұмабай, Әлихан Бөкейхан сияқты ірі тұлғаларды бейнеленген альбом мен жапсырмалар шығарды. Ол өнердің осы түрі ұлттық болмысымыз бен төл тарихымызды насихаттаудың заманауи әрі ең тиімді жолы деп біледі. Ұтымдылығы сол ұлт көсемдерін жапсырмалар арқылы да ұлықтап жүр. Алаш қайраткерлері айтқан асыл сөздер мен олардың портретін басып шығарып, оқушыларға таратады. Асылдың алғашқы альбомы «Алаш көсемі» деген атаумен комикс жанрында шықты. Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойына арналған шығырмада ұлт көсемінің тұлғалық қырын сурет арқылы ашуға тырысқан. Ал «Ер Төстік» ертегісі былтыр шықса, биыл Мағжан Жұмабайдың бейнесі мен «Батыр Баян» поэмасын комиксте сөйлетті. Тез есте қалдыру үшін ұлы тұлғаларды жапсырмаларға да бейнелейді. Ұлағатты сөздердің қысқа нұсқасын ұсынады. Асыл сурет өнеріне кішкентай кезінен әуес. Бұл қабілетін ерте аңғарған ата-анасы да, оны үнемі қолдап келеді. Комикстің – келешегі зор. Кез-келген кейіпкерді осы жанр арқылы балалардың санасына сіңіруге болады.Асыл Сұңғатқызы өнердің бұл түрін енді басқа балаларға да үйретіп жүр. Ал жас суретшілер үшін облыстық кітапханда арнайы үйірме ашылды.