Қазақстан мен Америка құрама штаттары арсындағы әріптестік ресурстық орталықтар көмегі арқылы дамуда. Түрлі бағыттағы бағдарламалардың мүмкіндігін пайдаланып, тіл меңгерген, тәжірибе алмасқан азаматтар да бар. Бүгінгі таңда елімізде арнайы ашылған Америкалық бұрыш Қазақстанда оның ішінде Өскеменде алғашқылардың бірі болып өз негізін қалаған болатын. 20 жыл ішінде өрісін кеңге жайған орталықтың бүгінде елімізде 14 –і табысты жұмыс істеп тұр. Америкалық бұрыш өзге елдің тілі мен мәдіниетін меңгеріп, сол елде білім алуға ниеттілерге жол көрсетеді. 2003 жылы негізі қаланған Америкалық бұрыш Өскемендегі облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапхана жанынан келушілерге есігін айқара ашты. Осы жыл ішінде түрлі бағдарлама бойынша ауыз толтырып айтарлық іс тындырылды. Түрлі табысты жобалар өз жемісін берді. 20 жылда 300 000 аса азамат бағдарлама игілігін көрді. Осындай мерейлі күні өскемендіктерді Қазақстандағы АҚШ миссиясы басшысының орынбасары Джуди Куо арнайы құттықтады. Әлем бойынша осындай 600 аса бұрыш жұмыс істейді. Олар жоғарғы оқу орындары, кітапхана, елшілік ғимараттары мен сауда үйлерінде орналасқан. Қазақстанның ірі қалаларында 10 Америкалық бұрыш табысты жұмыс жасауда. Бұл жерде кез келген жастағы азаматтарға есік ашық. Барлығы тегін. Соңғы үлгідегі компьютерлермен жарақтанған. Интернетке қолжетімді. 3D принтер мүмкіндігін пайдаланып, түрлі тәжірибе жасауға болады. Мерейлі кездесу кезінде Америкалық бұрыш түлектері ән мен биден шашу шашты. Жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.