Еліміз наурыздың 1-нен бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Естеріңізге сала кетейік Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен уақытты есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. 5-ші сағаттық белдеу республиканың барлық аумағына қолданылады. Ғалымдар мен сарапшылардың талқысына түсіп, қоғамда пікірталас тудырған мәселенің мән-жайын түсіндіру мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі өкілдері облыс орталығында халықпен кездесті.
Арнайы жұмыс тобы мүшелері жергілікті халықтың сын-пікірлерін тыңдады. Жиналған халық өздерінің пікірлерін ортаға салды. Көпшілігі сағаттың кері шегертілуіне келіспейтіндіктерін жеткізді. Жергілікті халықпен келдесуге келген жұмыс тобы өкілдерінің арасында медица мамандары мен осы саланы жіті зерттеп жүрген ғалымдар бар. Олар жиналғандарға бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің негізгі себептерін түсіндіріп берді.
Әмір Қуат биотехнолог-ғалым. Оның пікірінше адам ағзасына үлкен салмақ түседі. Көңіл-күйіне, денсаулығына әсер етеді. Сондықтан жұмыс тобының мүшелері азаматтарға UTC+6 сағаттық белдеуінен UTC+5 сағаттық белдеуіне көшудің негізгі алғышарттарын жіпке тізіп айтты.
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні, сағат 00:00 жергілікті уақытты Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды Қостанай, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары 1 сағатқа артқа жылжытады.