Светлана Тюменцева облыстық тарихи-өлкетану мұражайында еңбек етеді. Ол музей қорын көздің қарашығындай сақтап келеді. 50 жылға жуық уақытын осы салаға арнаған ол мекеменің дамуына, құнды жәдігерлердің сақталуына үлес қосуда.

Көбісі қор сақтаушы қызметкерлердің жұмысын біле бермейді. Экспонаттарды көрмеге ұсынбас бұрын, олар үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мемлекеттік қорында 175 мыңнан астам жәдігер бар.

Мұражайды қор сақтаушы мамансыз елесету қиын. Себебі, көрме өткізу, мұражайға келушілерді тарту оларсыз мүмкін емес. Көрмелерде ұсынылған және қорда сақталған барлық жәдігерлер Светлана Тюменцеваның қолынан өтеді. Құнды заттардың тарихы мұражайға түсуден басталады, содан кейін ғана мамандар зергерлік жұмысқа кіріседі. Светлана Тюменцева сүйікті іспен айналысқандықтан 46 жыл уақыт көзді ашып жұмғанша өтіп кетті,- дейді.

Кез-келген жұмыс тәжірибені талап етеді. Бүгінде Светлана Тюменцева өзінің әріптестеріне білгенін үйретіп, жарты ғасырға жуық жинаған білімімен бөлісуде.

Қордағы заттар туралы деректер есепке алу кітаптарында сақталады. Мамандар әр жәдігерге мұқият қарайды. Көрмеге қойылған әр жәдігер мұражай қорына жіберіледі. Олардың ұзақ сақталуы осы мамандарға байланысты.