Өскеменде хоккей маусымы аяқталды. «Алтын шайба» лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне облыс орталығының әкімі Жақсылық Омарқатысты. Биыл мұз айдынындағы додада 12 құрама бақ сынасты.

Тартысты ойын үлгісін көрсеткен ойыншылар үздік сұрмерген, шабуылшы, қақпашы, қорғаушы, номинациялары бойынша марапатталды.

Бұл сында қыздар құрамасы да өнер көрсетті.

Байрақты бәсекеде үшінші орын «ГЭС» құрамасына бұйырды, «Устинка»жігіттері екінші орынға жайғасты. Өзгелерден дара шауып, қарсылас танымаған «Ульбинка» бірінші орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздар кубок, мадақтама қағаздарымен және медальдармен марапатталды.Спортшылар келесі маусымды асыға күтетіндіктерін де жасырмады.