«Елімізде биыл аса қарқын алған экологиялық акциялар азаматтарға айрықша түрде оң әсер етті. Науқандық шара ретінде ғана өтіп қоймай, тұтас идеологиялық, саналық тұрғыда пайдасын тигізді». Қоғам белсенділері мен еріктілер осындай пікірде. Жер-жерде жүйелі түрде өткен сенбіліктер Күршім ауылында да толастаған жоқ.

Қар ерігелі Күршім ауылында тазалық жұмыстары тоқтаған емес. Аптасына бірнеше мәрте сенбіліктер өтеді. «Таза Қазақстаннан» бастау алған жұмыс тұрақты жалғасып жатыр. Орталық көшелер, аулалар мен аллеялар, саябақтар мен мәдени орындар да тазаланды. Көпшілік сейілдейтін жағалаулар мен орман іші де қоқыстан арылды. Істің басы-қасында жүрген азаматтар сенбіліктерге еріктілерден бастап, мектеп оқушыларына дейін қатысты, дейді.

Әуелде Президенттің тап¬сыр¬масымен жарияланған «Таза Қа¬зақстан» республикалық эко¬ло¬гия¬лық акциясы қазіргі уақытта жалпы¬ха¬лық¬тық сипат алды деп айтуға толық негіз бар. Межелі уақыт өткенмен, айналадағы тазалықтан бейжай қалмаймын деген ұжы쬬дар мен ерік¬ті¬лердің қатары күн сайын артып келеді. Күршімдіктер де осы қатарда. Әр аула мен көше рет-ретімен белгіленіп, кестеге сай тазаланып жатыр. Бұл – азаматтардың туған жеріне деген құрметі, дейді ұйымдастырушылар.