Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 10 жылдығына орай Қазақстанның әр өңірінен жиналған студенттер алғаш рет жемқорлыққа қарсы тақырып аясында зияткерлік quiz ойынында бақ сынады. Бұл сайыс қатысушылардан білімді, тапқырлықты талап етеді.

Шараның мақсаты жастар арасында танымал интеллектуалдық ойын арқылы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен парасаттылықты дамыту.

Ойын 7 кезеңнен тұрды. Тапқырлық пен шапшаңдықты, терең ізденісті қажет ететін сайысқа қатысушылар тыңғылықты дайындықпен келген. Облыс атынан қатысқан ойыншылар бұған дейін де бірнеше сайыста жүлде еншілеп үлгерген.

Ал С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері дайындаған шоу-бағдарлама мерекелік көңіл-күй сыйлады.