Жылыту маусымындағы мәселелердің бірі – көмір тапшылығы мен оның қымбаттауы. Одан қалса, қатты отынға ұзын-сонар кезек те көбейеді. Бұл жыл сайын қайталанатын жағдай. Ал тұрғындар жағы қатты отынның бағасы жылыту маусымы басталмай тұрып арзан әрі оны кезексіз сатып алуға болатындығын білмей жатады, дейді жауапты сала мамандары. Өңірде көмір қоры жеткілікті ме? Дүрлігуді болдырмау үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

Теміржол тұйықтарының ашылуы көмірді тасымалдау мен жеткізу процесін жеңілдетіп, қаланың әр бөлігіндегі халыққа ыңғайлы жағдай жасауды көздейді.

Облыс бойынша көмірді өткізу жұмыстарын 22 өңірлік оператор жүзеге асырады. Бүгінде теміржол тұйықтарында 14 мың тонна көмір бар.

Өңір халқы үшін көмір жеткізу "Қаражыра" АҚ және «ҚТЖ» ҰК-мен жасалған кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Ал оның сапасына қатысты тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ, дейді тасымалдаушылар.