Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әлеуметтік қорғау саласына сыртқы талдау жүргізді. Оның нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Денис Шакенов мәлімдеді.

Талдау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар санаторий-курорттық емделуде болған кезеңде олардың 52 жеке көмекшісіне жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам негізсіз төлемдер жасалғаны анықталды. Себебі, заңға сәйкес курорттық ем-дом шаралары уақытында жеке көмекші қызметі тоқтатылуы тиіс.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ветеринария саласында да заң бұзушылықты анықтаған. Бұл тексеріс «Бизнес жол» жобасы аясында жүзеге асырылды. Жоба кәсіпкерлерге әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді еңсеруге, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауда ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған

Бала күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы төлемдерін тағайындау кезінде де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған.