Облыстық мәдениет басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімі өңірде ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Сондай бастамалардың бірі - көп этносты мемлекетіміздің бірлігін насихаттап, қазақ тілін қолдану аясын кеңейту. Салалық басқарма мамандары осындай шаралар арқылы мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыруды көздеп отыр.

 «Тіл – татулық тірегі». Мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этнос өкілдері арасында аймақта түрлі сайыстар, мәдени кештер тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.Себебі, мұндай шаралардың берері мол.

Биыл ономастика саласына бақылау күшейген болатын. Оның аясында ұлт тарихында ерекше орны бар тұлғалардың бірыңғай тізімі де әзірленген еді.

Ономастика – ғылыми-талдамалық және тарихи негіздерге сүйенетін сала. Сондықтан идеологиялық тұрғыдан ескірген, көнерген жер-су атауларын қайтадан бұрынғы қазақы қалпына келтіру, тарихи-географиялық атауымен қайта атау — басты мәселелердің біріне айналды.

Бұған дейін елді мекендердің, аудан орталығы мен көше атауларын өзгерту ісі облыстық ономастика саласының құзырында болған. Енді тек республикалық комиссияның келісімінен кейін өзгеріс енгізіледі. Бұл тұста аймақта ауқымды жұмыс жүзеге асырылуда.