Биыл Глубокое ауданындағы Бобровка ауылына 260 жыл толды. Бұл той тек Бобровка ауылы тұрғындарының ғана емес, жалпы аудан үшін айтулы мереке болғаны анық. Алыс-жақындағы талай ағайынның басын қосқан дүбірлі тойдың қызығын елмен бірге әріптестерімде көріп қайтты.

Дүбірлі той ауылдағы мәдениет үйінде өтті. Мерекелік шарада Бобровка әкімі Арна Дәмдібаев тұрғындарды мерейтоймен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

Дүбірлі тойға жиналған халықтың қарасы қалың. Көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Мәдени шараны ұйымдастырушыларға ауыл тұрғындары алғыс білдірді.

Мұндай ауқымды шара Бобровка аулында алғаш рет ұйымдастырылды. Мерекеге жиналған қауым түрлі сайысқа қатысты. Қол күрес, гір көтеру сынды бәсеке тойдың көркін қыздырды.