Күздің басталуымен жылу беру маусымы басталады. Бұл кезеңде жүйеде олқылық пен апат болмас үшін қыстың қамын жазда ойлап, алдын алу жұмыстарын күшейту қажет. Аймақтағы ТЖД 52 мыңнан астам үйді араланып, түсіндіру жұмыстары жүргізді. Тұрғын үй иелерімен әңгімелесу барысында 13 мыңнан астам бұзушылық анықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім болды.

Аймақта жыл басынан бері 500-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген. Оның 342-сі тұрғын үй секторында болған. Қауіптің алдын алу үшін мамандар «қыстың қамын жаз ойлау қажет»- дейді.

Ал 15 қазаннан өңірде әлеуметтік осал топ санатындағы азамттардың үйлерін аралаудың екінші кезеңі басталды. Бұл жұмысқа жергілікті атқарушы органдар өкілдері, әлеуметтік қорғау, білім беру және полиция қызметкерлері де қатысады.

Тілсіз жаумен күрес далада ғана емес, қалада да өзекті. Әсіресе, жылыту маусымы жақындағанда қауіп үдей түседі. Суық түсе сала жұрттың пеш жағатыны белгілі.Сондықтан тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз дейді, облыстық ТЖД мамандары.