Сәулетшілер Өскемен қаласының Дизайн-кодын таныстырды. Енді көпқабатты тұрғын үйлер қасбетіне бірыңғай талап қойылады. Айталық, түсі, жарықтандырылуы, стилі мен абаттандыруы бір-бірімен үйлесім табуы тиіс. Қаланың дизайн-коды – облыс орталығындағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың заман талабына сай безендіруде біртұтас стильді ұстанып, кіре берістерін, арнайы белгілерді орналастыруды бір жүйге келтіреді.Жобаны әзірлеушілердің айтуы бойынша бұл дизай қала келбетін танымал әрі жайлы етеді.
Өскемен елдегі дизайн –код әзірленген алғашқы облыс орталықтарының бірі болады. Бұған дейін дәл осындай қала келбетін жақсартуға арналған абаттандыру жұмыстарының бірыңғай стилін қалыптастыру талаптары Астана мен Алматы қалаларында бекітілген болатын. Абаттандыру жұмыстары бойынша үйлердің қасбеттері, маңдайшалары, кіреберістері, жаяу жүргіншілер жолы, алаңдар мен нысандар бірыңғай стильге келтіріледі.
Жобалау коды кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Осы жұмыстарды жүзеге асыруға негізгі 4 көше таңдалып алынды. Олар Шәкәрім даңғылы, Нұрмағамбетов, Қазақстан, Чехов көшелері. Ал осы көше бойындағы коммерциялық нысан иелері ғимаратты талапқа сай етіп жасаулары керек.
Жобаға сәйкес үй-жайлардың кіреберісі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қозғалысына ыңғайлы етіп қайта жасалады.