Сот саласына енгізілген жаңашылдықтар жұмысты жүйелеп, бір ізге келтірді. Биылдан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер қатары артты. Түзетулерді қабылдау нәтижесінде алқабилер сотында 44 ауыр және аса ауыр қылмыс қаралады. Осы және өзге де орын алған мәселелерді талқылаған сот қызметкерлері арнайы ұйымдастырылған жиында тағы қандай олқылықтарға тоқталды? 

 «Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істерде туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге Ішкі істер органдары, прокуратура, сот қызметкерлері қатысты. Алқабилерді іріктеу, олардың сот ісіне уақтылы қатысуына қатысты пікірлер ортаға салынды. Бекітілген құрамның толық қатыспауы салдарынан сот қарауындағы істердің кейінге шегерілетіндігі де айтылды.

Сонымен қатар облыстық прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлері алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істерге қатысты өздерінің ұсыныстарын жеткізді.

Осы сияқты басқосулар сот жүйесін жетілдіріп, орын алған мәселелерді шешудің жолдарын бірлесе қарастыруға септігін тигізеді. Әділ төрелік етіп, тиімді сот жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді.