Аймақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмысын бастады. Оның құрамында мемлекеттік мекеме мамандары бар. Мобильді топ облыс аумағындағы елді мекендерді аралайды. Тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдап, құқықтық кеңес береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған мобильді топ өз жұмысын Ұлан ауданынан бастады. Мемлекеттік қызметкерлер мен заңгерлер халыққа тегін көмек көрсетеді.

Шалғайдағы елді мекен тұрғындарының өтініштері мен арыз-шағымы орталыққа жете бермейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама азаматтардың әлеуметтік, тұрмыстық ахуалын бақылауға мүмкіндік береді. Өңірдегі мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова аудан тұрғындарына салық заңнамасы мен мобильдік аударымдар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аудан тұрғындары сала мамандарына әртүрлі сұрақпен жүгінді. Соның бірі – Альмира Ерсалина көктем мен күз мезгілінде көтеріліп кететін жер асты суларарына байланысты мәселені айтып шағымданды. Тұрғындардан құрылған ынталы топ аталмыш мәселіні біржақты ету үшін кеңеске келгендерін айтады.

Көшпелі кездесу жыл көлемінде барлық аудан орталықтарында өткізілетін болады. Мобильді топ өкілдеріне азаматтар кез-келген мәселемен жүгіне алады.