Өскеменде мәнерлеп сырғанаудан балалар мен жасөспірімдер арасында «Ақпан Жұлдызы» атты ашық чемпионат өтіп жатыр. Ел біріншілігіне 300-ден астам спортшы жиналды.Ұйымдастырушылар жарысқа деген сұраныс жыл өткен сайын артып келетіні ерекше қуантады дейді.Әдемі әрі күрделі спорттың шыңына ұмтылған жастардың өнерін тілшіміз Дильназ Еркінбекова тамашалап қайтты.

Жарысқа 3-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысып жатыр.Жас спортшы Михаил Зиновьев мәнерлеп сырғанауға машықтанып жүргеніне бір жылға жуық уақыт болса да аймақтық жарыстарда бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінген.

 «Звездный» клубының еріктілері қатысушыларға барынша қолдау көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша үздік атанып, топ жарғандар марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.