Елде шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету экономиканың дамуына серпін береді. Әсіресе, отандық өнім өндірушілердің бизнес жобаларын қолдап, ісін ары қарай жандандыруы үшін демеп жіберу маңызды. Кәсіпкерлікті жетілдіріуге негізделген мемлекеттік бағдарламалардың маңызы зор. Оның шарапатын көріп отырғандар да аз емес. Осы мақсатта Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жаңадан құрылған кәсіпкерлікті қолдау штабының алғашқы отырсын өткізді.
Кәсіпкерлерді қолдау штабының бірінші отырысында алты кәсіпкердің бизнес жобасы таныстырылды. Мақсат – жаңа жобаларға демеу көрсету. Кәсіпкермен билік арасында өзара әріптестік қарым – қатынасты нығайту. Жобалардың арасында жеңіл өнеркәсіпті жолға қою, өндіріс көлемін арттыу үшін жаңа цех құрылысын қолға алу сынды бағыттар бар. Соның бірі - «QUARTZ» брендімен шыны қалдықтарынан түрлі кәдесыйлар дайындайтын кәсіпкердің жобасы. Бұл істі қолға алғанына екі жыл болған кәсіпкер қалдықтан да қаржы табуға болатындығын дәлелдей білді.
Кездесуге келген тағы бір кәсіпкер Нұржан Жомартқанұлы ұмыт болған ұлттық өнімді қайта жаңғыртып, өнім өңдеу саласын жолға қоюды мақсат тұтады. Бүгінде 27 түрлі өнім шығаратын ол болашақта өндіріс аумағын кеңейтіп, саумал терапиясын қолға алуды жоспарлап отыр.
Кәсіпкерлердің жобасымен танысқан штаб мүшелері өз ұсыныстарын ортаға салып, кәіспкерлерге қолдау көрсетудің тиімді жолдарын ұсынды. Ал қала басшысы кәсіпкерді демеп жіберу маңызды. Сондықтан отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету бүгінгі күн талабы - деді. Жаңадан құрылған кәсіпкерлікті қолдау штабы айына екі рет кәсіпкерлермен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.