Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының дәрігерлері қатерлі ісікті емдеуде ең озық әдістерді қолдануда. Бұл мүмкіндік медицина қызметкерлерінің жыл сайын шетелде білім алып, тәжірибе жинақтауының арқасында пайда болған. Аурухана заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Өңірдің онкологтары осы жылы обырды емдеудің қандай жаңа әдістерін ойлап тапты тілші сюжетінде.
Былтыр маммолог-хирургтер 300-ден астам хирургиялық ота жасаған. Оның ішінде 35-і реконструктивті-пластикалық ота. Биыл шығысқазақстандық дәрігерлер сүт безі обырын жедел емдеуде қолданылатын жаңа әдісті енгізбек.
Онкологиялық орталықтың ота жасау бөлмелері халықаралық стандарттарға сай соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған. Хирургиялық емдеу шараларын жүргізу барысында дәрігерлердің заманауи әдіс тәсілдерді қолдануы олардың біліктіліктерін арттыруға сеп.
Мұнда емделушілер үшін барлық жағдай жасалған. Енді тұрғындар басқа аймаққа ем іздеп сабылмайды.