Шығыс Қазақстан өнер мұражайында «Петроглифтерден планшеттерге дейін» атты графика көрме ашылды. Көрме келушілерді қызықтыратын картиналарға бай. Тіпті мұнда қойылған туындыларға шетелдік өнер сарапшылары қызығып отыр. Көрме несімен ерекше?

Өнер мұражайы қорынан көрмеге қойылған туындылар еліміздің ең үздік графикалық суретшілердің ерекше жұмыстары. Аталмыш көрмедегі картиналар ұзақ жылдардан кейін келушілер назарына қайта ұсынылып отыр.

Графика кескіндеме суреттермен салыстырғанда өзінің ерекше стилі бар жанр. Эмоцияларды бейнелеу мен жеткізудің зор мүмкіндігімен ерекшеленеді. Қойылған суреттердің мазмұны, тереңдігі мен көркі көрген көзді таңғалдырары сөзсіз.

Көрме есігі келушілерге жыл көлемінде ашық. Сондай ақ өнер мұражайы қорының жаңа экспонаттарымен толықтырылмақ. Мұндай формат графиканың ең кереметін көруге әрі әлемдік көрнекті суретшілердің жаңа картиналарымен танысуға мүмкіндік береді, дейді мамандар.