Жаңа сценарий, жаңа қойылым. Облыстық драма театрда Абай Дәулетұлының «Ұмытылмас күн» атты спектаклі көрерменге жол тартты. Достық қарым-қатынасты жоғары қойған музыкалық драма жайлы келесі бейнематериалда.
Заманауи сценарий, жаңаша көзқарас. Қойылым достық пен студенттік кезеңді ұштастырған, үлкен өмірге қадам басқан жастар жайлы. Шытырман оқиғаға толы музыкалық драмаға “Жастар” театрының әртістері бір айдан астам уақыт дайындалған.
Музыкалық драмада бәрі бар. Махаббат, достық қарым-қатынас, зиянды әдеттің зардабы мен көрерменнің көңілін тебірентетін оқиғалар. Театр әртісі Ермахан Мұхаметбеков бұл драмада Бек Аязбай деген кейіпкерді сомдаған.
Спектаклдің қоюшы режиссері Абай Дәулетұлы бұл оқиғаның сценарийі өз өмірімнің және жақындарымның шынайы әңгімелері желісімен жазылғанын айтады. Ұзақтығы бір жарым сағатқа созылған музыкалық драма 10 ақпаннан бастап көрерменге жол тартты.