Аймақта мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алу шаралары әлі де жалғасуда. Бұл жолы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері арасында BIBLIOQUIZ сайысын өткізді. 

Шараны ұйымдастырушылар өзінің ана тілін қастерлеп, салт-дәстүріне берік, елі үшін қызмет етуге дайын тұратын тұлғаларды қазіргі жастар білуі керек дейді.

Оқушылар сайыста қоғам қайраткерінің өмір жолы жайында түрлі сұрақтарға жауап берді.

Шара соңында жеңіс тұғырынан көрінген құрама марапатталды. Естелік суртеке түсті.