А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Бердібек Сапарбаевты еске алу кеші өтті. Бердібек Мәшбекұлы 2009-2014 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды. Аймақ басшысы болған уақытта Өскеменде бірнеше спорт кешені, «Халифа Алтай» мешіті, облыстық драма театры, Абай Құнанбайұлы, Қабанбай батыр ескерткіштері мен «Нұрлыкөш» ауылы бой көтерді. «Сөз бен істің адамы» атты шарада мемлекет және қоғам қайраткері туралы естеліктер айтылды.
Бердібек Мәшбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген. Ардақты азаматтың туған күніне орай облыстық кітапханада еске алу кеші өтті.
Бердібек Сапарбаев аймақ басшысы болған уақытта әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамып-өркендеуіне зор үлесін қосты. Халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Еске алу кешінде Бердібек Сапарбаевпен қызметтес, әріптес болған азматтар мен замандастары естеліктерімен бөлісті.
Соңында өшпес із қалдырған, кісілігі мен кішілігі қатар жүретін Бердібек Мәшбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халықтың жүрегінде мәңгі сақталмақ.