Аймақтағы жер қатынастары басқармасы 2018 жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өңірлік ақпараттық жүйе Шығыс Қазақстан облысының геопорталын жасақтау бойынша ауқымды жұмысты бастаған еді.Салалық басқарма басшысы Надежда Михейлис геопортал 2021 жылы тәжірибе ретінде қолданысқа берілгенін айтады. Жер қатынастары басқармасының қызметімен танысқан аймақ басшысы Ермек Көшербаев жоба авторларымен кездесті.

Шығыс Қазақстан облысының геопорталы халықаралық сайыста топ жарып үлгерген. ТМД елдері арасында өткен додада бас жүлдені жеңіп алған.

Ақпараттық жүйе өткен жылдың наурыз айынан бастап жалпыға бірдей қолжетімді. Геопорталдың мүмкіндіктерімен аймақ басшысы Ермек Көшербаев танысты. Өңір әкімі аталған жобаны дамытуға қатысты ұсыныстарын да жеткізді.

Ақпараттық жүйеде жер учаскелерін онлайн бағалау модулі орналасқан. Ол анықтамалық режимде кадастрлық бағалау, жер салығы мен жалдау ақысының құнын есептеуге мүмкіндік береді.