Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» басқарма төрайымы Диляра Кайдарованы қабылдады. Онкологиялық ауруларды емдеу аясында аймақта медициналық туризмді дамыту қолға алынады.

Соңғы жылдары онкологияның алдын алу және емдеу мақсатында атқарылған кешенді шаралардың арқасында аталмыш дертті ерте кезеңнен анықтау 19%-ға өскен. Өткен жылғы көрсеткіш 35,8% құрап отыр.

Өз кезегінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Кайдарова Өскемендегі онкология және хирургия орталығының жұмысына оң бағасын берді.

Заманауи медициналық техникамен жабдықталған орталық жұмысын әрі қарай дамытып, ішкі және сыртқы медициналық туризм саласын қолға алу жоспарлануда. Бизнес жоспарда әзірленіп жатыр.