Өңірде соңғы бірнеше күн бойы аяз қысып, тұрғындар әбден әбігерге түсті. Ауа температурасының күрт төмендуі салдарынан Өскемендегі қоғамдық көліктердің жанар-жағармайы қатып, кестеден кешігіп жатыр. Ал, жауапты мамандар осы мәселеге қатысты не дейді?
Аяздың салдарынан автобустардың жүруі қиындап, тұрғындар қоғамдық көлікті сағаттап күтуге мәжбүр. Мұны жолаушылар тасымалын басқару орталығының өкілдері де растап отыр. Себебі, ауа температурасының күрт төмендеуінен қоғамдық көліктердің жанармайы қатып жатыр. Сондықтан автобустар желіге аз шығады.
Қыс мезгіліне арналған жанармайдың бағасы қымбат болғандықтан оны пайдалану тиімді емес, дейді қоғамдық тасымалды ұйымдастырушылар.
Жолаушылар тасымалын басқару орталығының ақпараты бойынша, қалалық маршруттардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін желіге шығарылған автокөліктердің саны жеткілікті. Орталық мамандары тұрғындарға қажетті қоғамдық көлік қозғалысын қадағалау үшін Oskemenbus мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.